Сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты

Сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты

Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінің ахуалы туралы Алматы қалалық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлімдеді.

Мегаполис бойынша сағат: 16:00-дегі ақпаратқа сүйенсек 292365 сайлаушы дауыс берген. Бұл 25,95 пайызды құрайды.

– Референдум барлық нормалар мен қағидаларды сақталып өтіп жатыр. Бұл жерде өрескел заң бұзушылықтар байқалмады, – Ж.Асанова.

Сонымен қатар дауыс беру жүріп жатқанын атап өтті. Қала бойынша барлық учаскелік орындар өз жұмысын кешкі сағат 20:00 жалғастыратынын айтты.

– Біздер қалада тіркеуі бар азаматтарға қызмет көрсетеміз. Өйткені сайлаушылар қала тұрғындары болып табылады. Ал сырттан келгендер, өздерінің сайлау учаскелерін нақтылап, дауыс беруге құқылы, – деді спикер.

Брифингте сайлау бекеттеріндегі жасырын дауыс беру перделерінің жартылай ашық тұруы жөніне тоқталды. Перделердің толық жабық тұруы қолайлылық туғызу үшін жасалған іс екендігін айтты.