Сайлау: Шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды

Сайлау: Шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды
Сурет: Ашық дереккөз

Аккредиттеу мерзімі толығымен аяқталды

19 наурыз күні өтетін Мәжіліс депутаттарын сайлауға шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күнінен 5 күн бұрын жергілікті уақытпен, яғни, бүгін 13 наурызда 18-00-де аяқталады. Осымен сағат 18-00-де шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзімі толығымен аяқталды», - деді Нұрлан Әбдіров бүгін комиссия отырысында.