Сайлау қалыпты жағдайда, тәртіпке сай өтті - ШЫҰ бас хатшысы

Сайлау қалыпты жағдайда, тәртіпке сай өтті - ШЫҰ бас хатшысы
Cурет: Elorda.info

Бүкіл сайлаушылар белсенділік танытты.

Бас хатшының айтуынша, 17-20 қараша аралығында ШЫҰ миссиясы Қазақстан Республикасының шақыруымен кезектен тыс Президент сайлауына байқау мисссиясын атқарған. Құрамына 18 байқаушы кірген делегацияға 7 мемлекеттің өкілдері, ШОС-тың хатшылық өкілдері, өңірлік құрылымдарының өкілдері кірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «ШОС өкілдерінің байқауы Астана қаласы мен Ақмола облысының аумағында 22 учаскені қамтыды. Миссия мүшелері бюллетендер дайындау, дауыс беру жәшіктерін пломбалау процестеріне қатысты. Сондай-ақ, сайлау комиссияларының мүшелерімен, сайлаушылармен, әлеуметтік байқаушылармен кең ауқымда ашық сұхбат құрдық. Осы процесс кезінде сайлау өткізуге дайындық тәртіппен, жақсы ұйымдастырылғанын тіркедік. Бәрі қалыпты жағдайда, тәртіпке сай өтті. Екіншіден, бүкіл сайлаушылар үлкен белсенділік танытты», - деді Чжан Мин.

Оның сөзіне қарағанда, дауыс беру процедурасын іске асыруға арналған бүкіл жағдай жасалған.

 «Егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі бар жандарға арнайы жағдай жасалды. Сайлау комиссияларының өкілдері дауыс берушілер қойған сұрақтарға өте толыққанды жауап беріп жатты. Сондай-ақ, байқаушылар тарапынан сұрақтарға түсініктеме берді. Мен бүкіл сайлау учаскесіне кірген кезде өз құжатымды көрсетуге тура келгенін атап өтуім керек», - деген ШЫҰ бас хатшысы сайлау учаскелерінде байқау жүргізу кезінде бірде-бір кедергіге тап келмегенін ерекше атады.

ШЫҰ бас хатшысы Қазақстан тарапы сайлау процесіне бақылау жүргізуге қажетті бүкіл жағдайды жасағанын атап өтті.