Теннисші Анна Данилина өз мансабындағы 25-ші титулды жеңіп алды

Теннисші Анна Данилина өз мансабындағы 25-ші титулды жеңіп алды
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық Анна Данилина мен украиналық теннисші Валерия Страхова Францияда өткен жүлде қоры 60 мың АҚШ долларын құрайтын турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Финалға өткен теннисшілер Мария Лурдес Карле (Аргентина)/Мария Тимофеева (Ресей) жұбын жеңді. Матч брейк алмасудан басталды, бірақ содан кейін Мариялар белсенділік танытып, қарсыластарының добын қатарынан үш рет қабылдап, партияны 6:2 есебімен жеңіп шықты. Екінші сетте есеп 3:3 болып, шешуші сәт келді: Анна мен Валерия екі брейк жасап, ойынды 6:3 есебімен ұтты.

Шешуші супер тай-брейкте қазақстандық-украиндық дуэт екі матч-пойнт ойнап, ақыры 14:12 есебімен жеңіске қол жеткізді.