ҚР Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

ҚР Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады
akorda.kz

Қазақстан Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz akorda.kz сілтеме жасап.

Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай-күйі талқыланды.

Смағұл Елубай өзінің «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық арқау болған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі.