Саудада доллар бағамы сәл көтерілді

Саудада доллар бағамы сәл көтерілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге көтеріліп, 446,14 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 61,52 теңге болды.

Ұлттық банк еуроның бағамын 482,96 теңге, рубльді 4,82 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-448,3 теңгеге, еуро 484-488 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.

Ал 9 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,43%-ға өсіп, барреліне 90,77 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,40%-ға өсіп, барреліне 86,78 долларды құрады.