Сатушылар қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартуы заңды ма?

Сатушылар қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартуы заңды ма?
Сурет: ашық дереккөз

Тек қолма-қол төлем: сатушылардың бұндай талаптары заңды ма?

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше сатушылар қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартуы заңсыз. Сондықтан азаматтар тиісті органдарға жүгіне алады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Егер кәсіпкер карта арқылы төлем қабылдаудан бас тартса, бірінші рет ескерту беріледі. Ал қайталап заң бұзса, 147 680 теңге айыппұл салынады. Сондай-ақ кірістер комитеті тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер де сатып алушыға түбіртек беруге міндетті екенін еске салады.