Сарбаздар ант берді

Сарбаздар ант берді
24 kz

Алматылық 600 бозбала әскери борышын шекара қызметінде өтейді.

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінде алғашқы әскери дайындықтан өтіп жатқан сарбаздар ант берді. Олар аталған бөлімде алғашқы кәсіби-техникалық дайындықтан өткен. Болашақ шекарашылар тағы үш ай шеберлігін шыңдап, одан әрі шекара бөлімдеріне жіберіледі.

Салтанатқа Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің ардагерлері және жас сарбаздардың жақындары да келген. Шара соңында шекара басқармасының арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобы шекара бұзушыны қолға түсірудің әдіс-тәсілдерін көрсетті.