Алматыда «Ататүрік сквері» ашылады

Алматыда «Ататүрік сквері» ашылады
bangkokbook.ru

Алматыда атауы жоқ скверге "Ататүрік" есімі берілмек, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Ұсыныс ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік пен қала мәслихатының бірлескен шешім-жобасында жазылған.

"Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен "Almaty Theatre" ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін", - делінген ұсыныста.

Шешім-жобасы 3 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады.