Алматы әкімі Ерболат Досаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету бойынша бұрын қолжеткен уағдаластықтарды растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қала басшысы АҚШ Мемдепартаментінің өкілдерін Алматы экономикасын қалпына келтіру бойынша әкімдіктің жүргізіп жатқан жұмыстары, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы жоспарлары туралы хабардар етті.


Бүгінде қала экономикасы біртіндеп қалпына келтірілуде. Осы жылдың басынан бері үш айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға (+19,8%), өнеркәсіпке (+11,5%), құрылысқа (+38,6%) инвестициялар көлемінің өсуі байқалады. Алматыда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,5%-ға өсті және 213 мыңнан асты. 


Тараптар сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 662,1 млн АҚШ долларын құрады. Қалада 128 бірлескен кәсіпорын және американдық компаниялардың 399-ы (Қазақстандағы 695-тің) тіркелген. 


Кездесу барысында азаматтық қоғамдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық, ESG қағидаттарын енгізуді жандандыру және қаланы инклюзивті дамыту мәселелері талқыланды.


Келіссөздер барысында америкалық тарап Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының жаңа ғимаратын салу ниетін растады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12