«Samruk-Kazyna Construction» басшысы қанша жалақы алады?

«Samruk-Kazyna Construction» басшысы қанша жалақы алады?
Сурет: ашық дереккөз

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп«ұлттық жобасы аясында қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Менің төрт орынбасарым бар. «Жайлы мектеп» бойынша орынбасарым – Амангелді Сәттаров. Әрі қарай «Жайлы мектеп» бойынша департамент бар, оның директоры – Ербол Ахметов. Одан кейін құрылыс бөлімі, жобалау бөлімі бар. Менің жалақымның мөлшері – еш шегерімсіз 1 млн 800 мың теңгені құрайды. Орынбасарым – 1 млн 390 мың, оның ішінде қолға алатыны – 1 млн 200 мың, департамент директоры – 940 мың теңге алады», - деді Мәулен Айманбетов «Samruk-Kazyna Construction» ғимаратында өткен брифингінде.

Бұған дейін М. Айманбетов «Жайлы мектеп» аясында салынатын мектептер саны неге қысқарғанын түсіндірген еді.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге бөлінеді.

Ең көп «жайлы мектептер» Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында салынады. Қалған мектептер шағын қалаларды қоса алғанда, тұтас Қазақстан бойынша біркелкі бөлінеді.