Саматәлі Төлтаев қоржынға үшінші алтынды салды

Саматәлі Төлтаев қоржынға үшінші алтынды салды
сурет: sports.kz

Қазақстандық боксшы Венгриядағы турнирдің алтынын жеңіп алды.

Қазақстандық боксшы нокдаунға түсіп, Венгриядағы турнирдің алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Sports.kz сілтеме жасап.

Боксшы Саматәлі Төлтаев Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті. Турнирдегі шешуші белдесуде алпыс келіге дейінгі салмақта Төлтаев Австралия чемпионы Фред Дззивамен алтынды сарапқа салды. Бұл жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бірінші раундта төреші Төлтаевты нокдаун деп санады. Осылайша, Саматәлі Төлтаев Қазақстан ерлер құрамасы сапында Венгрияда өткен турнирде үшінші чемпион атанды.