Саин көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі

Саин көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі
Сурет: 7kun.kz

Алматы қалалық мобилділік басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.

Саин көшесінің батыс бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7-10 қыркүйек күндері сағат 21:00 мен сағат 06:00 аралығында түнгі уақытта Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейін көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», делінген Алматы қалалық мобилділік басқармасы  таратқан ақпаратта.