Сағын Өмірбайұлы ресейлік «Голос. Дети» байқауының финалына өтті

Сағын Өмірбайұлы ресейлік «Голос. Дети» байқауының финалына өтті
Cурет: Instagram/sagyn_2010

Сағынмен бірге Сочиден келген 12 жасар Малика Тайгибова да финалға өтті

Шымкент қаласының жас өнерпазы Сағын Өмірбайұлы "Голос. Дети" ресейлік шоуына қатысып, үздіктер қатарында келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

12 наурызда Сағын Өмірбайұлы Родольф Фальвоның "Қыздар, құрбыларыңа айтыңдаршы" (итальян және орыс тілдерінде) деген әнін орындап, оған қазылар алқасының екі мүшесі – танымал әнші Полина Гагарина мен танымал рэпер Василий Вакуленко ("Баста") бұрылды. Сағын Гагаринаны тәлімгер ретінде таңдады.

1 сәуірде Бірінші арнада "Голос. Дети" ресейік шоуында Полина Гагаринаның командасы өз жетістіктерін көрсетті. Алдымен жас орындаушылар сахнаға үш-үштен шығып өнер көрсетті ("Жекпе – жек" кезеңі), осылайша 15 қатысушының бесеуі келесі кезеңге өтті, оның ішінде Сағын Өмірбайұлы да бар.

«Өте бақыттымын! Ішім өртеніп барады! Мен мұндайды мүлдем күткен жоқпын!»,-деді Сағын Өмірбайұлы.

"Келесі кезеңге өту" кезеңінде ол "Қыздар, құрбыларыңа айтыңдаршы" әнін қайталап орындап, шоудың ақтық сынына шықты.
Гагарина командасынан Сағынмен бірге Сочиден келген 12 жасар Малика Тайгибова да финалға өтті.

Шоудың осы кезеңінде финалистерді таңдау тікелей тәлімгер Полина Гагаринаның еншісіне берілді. Шоудың ақтық сыны тікелей эфирден көрсетіледі, ал байқауға қатысушылардың тағдырын көрермендер анықтайды.

Сағыннан басқа, "Голос. Дети" ресейлік шоуында Қазақстаннан 14 жасар қызылордалық Тимур Тян да бар. Оның тәлімгері Егор Крид екенін айта кетелік.