Сағын Өмірбайұлы «Голос.Дети» байқауында жүлдегер атанды

Сағын Өмірбайұлы «Голос.Дети» байқауында жүлдегер атанды
Cурет: Скрин

Қазақстандық Сағын Өмірбайұлы «Голос.Дети» байқауында 3-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Полина Гагаринаның командасына түскен Сағын Өмірбайұлы суперфиналда Филипп Киркоровтың «Единственная моя» әнін орындады.

Екінші орынға Бастаның 12 жастағы шәкірті София Олареско ие болды.

Жобаның жеңімпазы, шоудың ең кішкентай қатысушысы – Егор Крид командасының мүшесі сегіз жастағы Аделия Загребина болды.