Сәрсенбай қария Самсун қаласына жаяу жетті

Сәрсенбай қария Самсун қаласына жаяу жетті
Сурет: Astanatv.kz

73 жастағы қазақстандық зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев есімі бүгінде елге жақсы танылып қалды. Бүгінде ол Түркияның Самсун қаласына жаяу жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Түркияға сапарын қазақстандық зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев Атыраудан 2 тамызда бастаған еді. Саяхатшы Instagram желісіндегі парақшасына Түркияның Самсун қаласына жеткені туралы жазба жариялады. 

"Әсем порт қаласы Самсунда өзіміздің қазақстандық студенттермен кездесу", - делінген жазбада.