Роналдуға «Барселонаға» өтуге ұсыныс жасалды

Роналдуға «Барселонаға» өтуге ұсыныс жасалды
Сурет: Wi-fi.ru

Әйгілі футболшыға ұсыныстар түсуде

Роналдуға агенті «Барселонаға» ауысуға ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Манчестер Юнайтедке» ауысқан Криштиану Роналду мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін.

Сарапшылардың пайымдауынша, Роналдуға «Манчестер Юнайтедке» ауыспай тұрып, агенті каталониялық командаға қосылу туралы ұсыныс жасаған. Футболшының өзі «Барселонаға» ауысуға қарсы болмағанымен, каталониялық клуб бас тартқан.

Португалия құрамасының капитаны жақында «Ювенустан» «Манчестер Юнайтедке» оралды. Daily Mail басылымының мәліметінше, Роналду келісімшарт бойынша аптасына 480 мың евро жалақы алады. Жылына шаққанда жалақысы 29,2 миллион евро болады.

Сондай-ақ Роналду 2003-2009 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсеткен.