Президент 1000 мектеп салуды тапсырды

Президент 1000 мектеп салуды тапсырды
Сурет: Azh.kz

Президент халыққа Жолдауында мектептердегі орын тапшылығы мәселесін көтерді

Қасым-Жомарт Тоқаев мың мектеп салуды тапсырды. Бұл туралы ол халыққа кезекті Жолдауында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Орта білім беруде мектептерде орын жетіспеушілігі өте өзекті мәселе болып қалып отыр. 227 мың орын жетіспеушілігі бар. Егер дереу іс-шара қолданылмаса, 2025 жылға қарай орын жетіспеушілігі бір миллион орынға жетуі мүмкін. Бұған дейін мен 2025 жылдың соңына дейін кемінде 800 мектеп салуды тапсырған болатынмын. Бүгінде бұл санды 1000-ға дейін жеткізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.