Қазақстанда екпе салдырғандар саны 5 миллионға жуықтады

Қазақстанда екпе салдырғандар саны 5 миллионға жуықтады
Сурет: Kun.uz

Алматыда 653 439 адам екпенің алғашқы дозасын алған.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2021 жылғы 18 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 4 872 183 адам салдырған. Ал екпенің II компонентін алған адам саны - 2 772 914.