Роналдудың жылдық кірісі Гиннестің рекордтар кітабына енді

Роналдудың жылдық кірісі Гиннестің рекордтар кітабына енді
Сурет: M24.ru

«Аль-Насра» футбол клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду спортшының жылдық кірісі бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты.

2023 жылы Криштиану Роналду 136 млн доллар пайда тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл көрсеткіш бойынша ол «Интер Майами» мен Аргентина құрамысының форварды Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Өткен жылы «ПСЖ» құрамында ойнаған Месси бір жылда 130 млн долллар тапқан болатын.

Криштиану Роналдудың жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның кірісінің ішінде тек клубтан түскен қаржы ғана емес сонымен қатар көптеген милллиондарды құрайтын демеушілік келісімшарттар да кіреді.

Осыған дейін Криштиану Роналдудың Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған едік. Роналду Twitter әлеуметтік желісіндегі ең танымал спортшы атанды. 2016 жылы 7 қазанда оның оқырмандары 47 млн. 262 мың 909 адамға жеткен.