Рыбакина эйс жасау жөнінен әлемде жеке дара көш бастап келеді

Рыбакина эйс жасау жөнінен әлемде жеке дара көш бастап келеді
Сурет: Inform.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлемде алдыңғы орында.

WTA кестесінен мәлім болғанындай, биылғы маусымда Елена Рыбакина 44 матчта 349 эйс жасап үлгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Франциялық Каролин Гарсия 42 матчта 305 эйс жасаса, белоруссиялық Арина Соболенко (48, 275) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ресейліктер Вероника Кудерметова (39, 206), Людмила Самсонова (32, 197) төртінші, бесінші сатыда.