Республикалық терминком құрылды

Республикалық терминком құрылды
Сурет: интернеттен

Комиссия терминологиялық лексика бойынша ұсыныс әзірлейді.

Қазақстанда республикалық терминологиялық комиссия құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 18 наурыздағы Республикалық терминологиялық комиссия құру туралы бұйрыққа қол қойған.

Республикалық терминологиялық комиссия қазақ тілінің экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салаларында терминологиялық лексикасы бойынша ұсыныстар әзірлейтін және өз қызметін қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады.

Республикалық терминологиялық комиссияның құрамына:

төраға - ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі;

төрағаның орынбасары - ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы;

хатшы-ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша комессия құрамына:

Артықбаев Жамбыл Омарұлы-тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Әлісжан Сарқыт Қалымұлы-филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Баймұрат Сағидолла Мүтиголлаұлы – заң ғылымдарының магистрі (келісім бойынша);

Байменше Серікқали Ерігалиұлы-филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы-филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Хамбар Бақытгүл-экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Қамзабекұлы Дихан-филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы-филология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Махамбетова Айгүл Көбейсінқызы – құқық магистрі (келісім бойынша);

Нұрышева Гүлжихан Жұмабайқызы-философия ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Омашұлы Дәуітәлі-журналист, аудармашы (келісім бойынша);

Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша комессия құрамына:

Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлы-филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы – филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Бажықова Күлзада Бегалинқызы-химия ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Ерғазина Марал Жүнісбекқызы – медицина ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Иманбаева Ақжунис Алтаевна-биология ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Иманқұл Төлеухан Шойбасұлы-физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Көмеш Тоқтар - "Физика және астрономия" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (келісім бойынша);

Қарманов Тоғыс Досмырзаұлы-техника ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша);

Құрманбайұлы Шерубай-филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

Мамырбаев Өркен Жұмажанұлы - "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) (келісім бойынша);

Сапаров Қуат Табылдыұлы-география ғылымдарының докторы (келісім бойынша).

Сондай-ақ, Республикалық терминологиялық комиссия туралы ереже бекітілді.

Комиссия өз қызметінде келесі қағидаларды ұстанады:

қазақ лексикасының сөз қорын барынша пайдалану;

қазақ тілінің лексикалық қорын және сөзжасам тәсілдерін ұтымды пайдалану;

терминдік білім беруде басқа түркі тілдерінің оң тәжірибесін қолдану;

тілдік нормаларға сәйкестігі;

тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкестігі;

терминнің синонимдерінің, фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік нұсқаларының болмауы;

тілдік нормаларға бейімделе отырып, шет тілдерінен терминдер алу;

терминнің туынды сөзді қалыптастыру қабілетінің болуы;

ғылымның, техниканың салалық салаларында семантика немесе форма бойынша генетикалық байланысты терминдердің қолданылуын үйлестіру, сондай-ақ ұлттық және сырттан енген терминдердің табиғи тепе-теңдігін сақтау.

Комиссияның жұмыс органы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті болып табылады.

Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде алты рет өткізіледі.

Комиссияның негізгі міндеттері:

экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің түрлі салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзірлеу;

терминдерді қарастыру және қабылдау;

экономика, ғылым, техника және мәдениеттің түрлі салалары бойынша комиссия бекіткен терминдерді бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздіктер түрінде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша, оның ішінде экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің тиісті салалары бойынша терминологиялық секциялар құру;

қажет болған жағдайда терминдерді практикалық қолдану мен қолданудың дұрыстығы мен дәйектілігін айқындау мақсатында қазақ тілінің терминологиясын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін мамандарды, ғалымдарды, экономиканың, ғылымның, техника мен мәдениеттің тиісті салаларының терминологиялық секцияларының мүшелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тарту.

Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және жалпы санның көпшілік дауысы берілген жағдайда, қабылданды деп есептеледі.

Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ереженің қосымшасына сәйкес дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Отырысты онлайн немесе аралас режимде өткізу кезінде Комиссия мүшелері, толтырылған дауыс беру парақтары екі жұмыс күні ішінде Комиссияның жұмыс органының қызметтік электрондық поштасына жіберіледі.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.