Алматыда аптап ыстық болады

Алматыда аптап ыстық болады
islamdag.ru

«Қазгидромет» РМК-нің дауылды ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында ыстық ауа температурасы сақталады деп күтiледi. Күндіз термометр бағанасы + 36 + 38℃ дейін көтерiледi.

Ыстық ауа райы, әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульті бар адамдарға өте қауіпті.

Сыртқа шықпай, үйде болуға тырысыңыздар. Жүрекке салмақ түсipетiн дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданбаңыздар. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдау керек. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдарға қан қысымын үнемі бақылау қажет.

Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз!