Ұ. Есдәулет: Нұр-Сұлтан қаласы ақын мен жазушыларды өзінің шығармашылық келбетімен шабыттандырады 

Ұ. Есдәулет: Нұр-Сұлтан қаласы ақын мен жазушыларды өзінің шығармашылық келбетімен шабыттандырады 
almaty-akshamy.kz

Қазақтың белгілі ақыны, журналист, редактор, Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

Ұ. Есдәулет Нұр-Сұлтан қаласы – мемлекетіміздің жүрегі, экономикалық дамудың тірегі, еліміздің мәдени келбеті екенін атап өтті 

"Бұрын Ақмола, кейін Астана, ал бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы ретінде танымал. Біз қаланың қалай дамып, ғимараттардың бой көтеріп,  көшелердің абаттандырылуына куә болдық. Нұр-Сұлтанда сәні мен салтанаты жарасқан түрлі сәулет құрылыстарын, атап айтқанда, Пирамида, Хан Шатыр мен басқаларын көруге болады. Мұнда Батыс пен Шығыстың стилі араласып, Елорданы ерекше сәулет нысанына айналдырды. Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтандағы филиалының ғимараты да өзінің ерекшелігімен танымал. Барлық форумдар бас қалада өтеді. Елордада барлық танымал жазушыларға ескерткіштер қойылып, аллеялар мен алаңдар ашылды. Нұр-Сұлтан ақындар мен жазушыларды жаңа туындыларға шабыттандырады", – деді ақын.