Ресейде Президент сайлауы басталды

Ресейде Президент сайлауы басталды
Сурет: Aa.com.tr

Дауыс беру 3 күнге созылады.

Алдын ала мәлімет бойынша, елде 38 миллион адамның дауыс беру құқығы бар. Шараға 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Бұл - Ресейдегі сегізінші президент сайлауы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Саяси додаға 4 үміткер тіркелген. Олардың арасында Ресей Федерациясының қазіргі президенті Владимир Путин бар. Бұдан бөлек Коммунистік партиядан Николай Харитонов, Либерал-демократиялық партиядан Леонид Слуцкий және «Жаңа адамдар» партиясынан Владислав Даванков қатысады.