Енді әйелдер де әскерге барады

Енді әйелдер де әскерге барады
Сурет: Astanatv.kz

Дания үкіметі әйелдер үшін міндетті әскери қызметті енгізуді жоспарлап отыр.

Дания үкіметі гендерлік теңдікті толықтай қамтамасыз етуді қалап, осындай жаңашылдықты ұсынды. Премьер-министр Метте Фредериксен алдағы бес жылда қорғаныс шығындарын қырық миллиард даниялық кронға арттыруды көздейтін жоспарды таныстыру аясында тиісті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сонымен қатар Фредериксен әскери қызмет мерзімін 4 айдан 11 айға дейін ұзартуды ұсынды.

Гендерлік теңдік қорғаныс саласын заманауи әрі әртүрлі бағытта дамытатынына күмәніміз жоқ, - деді М. Фредериксен.

Қорғаныс бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылдан бастап жыл сайын 5000 ер мен 5000 әйел шақырылады. 2023 жылдың басында Данияның қорғаныс министрі Якоб Эллеман-Йенсен Дания әскері әлсіз екенін айтып, әйелдерді де міндетті әскери қызметке шақыратынын айтты.