Ресейде маймыл шешегі бары анықталды

Ресейде маймыл шешегі бары анықталды
Сурет: Delfi.lt

Дертке Еуропадан оралған жас жігіт шалдыққан.

Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап. 

«Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Дертке шалдыққан жігіт Еуропа елдеріне сапарлай барып, елге оралған кезде денесі бөртіп кеткен. Ол дер кезінде медициналық мекемеге жүгінді», – деп жазылған "Роспотребнадзор" жариялаған хабарламада.

"Роспотребнадзор" аурудың жеңіл түрде екенін, науқастың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын жариялады. Жігіт оқшауланған. Қазір ол инфекциялық бейіндегі медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.

"Роспотребнадзор" инфекцияның одан әрі таралу мүмкіндігі тоқтатылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ведомство елде маймыл шешегін анықтауға арналған реагенттердің жеткілікті екенін хабарлады.