Ресей мен Беларусь 2032 жылға дейін Олимпиада ойындарынан хабар тарата алмайды

Ресей мен Беларусь 2032 жылға дейін Олимпиада ойындарынан хабар тарата алмайды
www.inform.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей мен Беларусь елдерін 2026-2032 жылдар аралығындағы Олимпиада ойындарын тікелей хабар тарататындар қатарына қоспады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еуропа аумағында Олимпиада ойындарын тарату құқығы Еуропалық хабар тарату одағы мен бірлескен тендер ұсынған Warner Bros Discovery компаниясына берілді.

Айта кетсек, 2026-2030 жылдардағы Қысқы Олимпиада ойындары Милан мен Кортина-д'Ампеццода, сондай-ақ 2028-2032 жылдары Лос-Анджелес пен Брисбен қалаларында жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Соңғы жылдары ойындарды Ресейде трансляциялау құқығына Telesport компаниясы ие болды. Ол компания 2024 жылғы Парижде өтетін Олимпиаданы көрсету құқығына ие.