Референдум – игі бастамалардың алғашқы қадамы

Референдум – игі бастамалардың алғашқы қадамы
Сурет: 24.kz

Бұл - Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың пікірі.

Оның айтуынша, елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталайын деп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Енді барлық саяси күштер сайлаушылардың нақты сұранысына басымдық береді. Сонымен бірге референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асыру болып саналады. Халық еліміздің сайлау жүйесіне сенуі керек. Бұл – билік легитимдігінің негізі. Сайлау саяси өміріміздегі қалыпты жағдайға айналуы тиіс. Біз бірте-бірте осыған келе жатырмыз. Ең бастысы – ішкі саяси тұрақтылықты сақтау. Президентіміз өте жауапты және тез шешім қабылдайды. Біз оған бірнеше рет куә болдық. Біз оның ішкі саяси тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауға бағытталған саясатын қолдаймыз», - деді Ерлан Қошанов.