Райымбек даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Райымбек даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы қалалық мобилділік басқармасы 12-21 қыркүйек аралығында Райымбек даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 12-21 қыркүйек аралығында түнгі уақытта сағ. 22:00 мен сағ. 06:00 аралығында Райымбек даңғылының Назарбаев даңғылынан Төретай көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады», - делінген хабарламада.

Аталған жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.