Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сурет: Kazakhstan Today

Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындайтынын және істеген ісіне толықтай өкінетінін мәлімдеді.

Мемлекеттік айыптаушы сотта Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Прокуратура өкілі Жангелді Есебаев соттан Қайрат Сатыбалдыұлын мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу анықталсын, Президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдыұлының қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн - 1,5 күн болып есептелсін», - деді прокуратура өкілі Жангелді Есебаев.

Сонымен қатар, ол прокурор ұсынған жаза түрі және мөлшерімен келісетінін мәлімдеді.