Бүгінгі саудада доллар күрт қымбаттады

Бүгінгі саудада доллар күрт қымбаттады
Сурет: 24.kz

Валюта бағамы бірден 3,43 теңгеге көтерілген.

Қазақстан қор биржасы (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 481,29 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да 7,85 теңгеге (+0,16) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,85 теңге (-0,10) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 474,19 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 482-486 теңгеге сатылды/сатылса, еуро 472-480 теңгеге өсті, рубль – 7,2-7,65 теңге.

Ал 22 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтерілді.