Президент Қазақстанды цифрлы хабқа айналдыруды тапсырды

Президент Қазақстанды цифрлы хабқа айналдыруды тапсырды
24 kz

Қазақстан Президенті өзінің Жолдауында еліміздегі цифрландыру мәселесін де айналып өтпеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Мемлекеттік органдардың бизнес процесін цифрлы форматқа ауыстыруды тапсырды.

"Қазақстан үшін цифрландыру өте маңызды. 10 мыңнан астам ІТ-маман дайындап шығуымыз қажет. Мемлекеттік органдардың жұмысы цифрлы форматқа көшуі қажет. Мәліметтерді қарайтын заманауи орталықтар құрылып, олар өз кезегінде көрші елдерге қызмет көрсетуі керек. Қазақстан цифрлы хабқа айналуы қажет", – деді Мемлекет басшысы.