Президент Тоқаев экономист Кұлекеевті қабылдады

Президент Тоқаев экономист Кұлекеевті қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Экономист еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтты.

Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту, сондай-ақ мұнай-газ секторының рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар белгілі экономист және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтты.