Президент Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты қабылдады

Президент Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Petrovietnam компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хоанг Куок Выонгты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Кездесу барысында энергетика және мұнай-газ химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы мұнай мен газ өңдеу және геологиялық барлау салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсыну мүмкіндіктері бар екеніне назар аударды.

photo

Өз кезегінде Хоанг Куок Выонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы баяндады.

Petrovietnam – Оңтүстік Шығыс Азияның мұнай-газ өнеркәсібіндегі басты ойыншылардың бірі. Активтерінің жалпы құны 40 милллиард долларға бағаланады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда ресми сапармен жүр.

Бүгін Президент Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізді, және оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Осы жолғы сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды.