Президент көмекшісі болып Ернар Баспаев тағайындалды

Президент көмекшісі болып Ернар Баспаев тағайындалды
Сурет: 24.kz

Ернар Баспаев бірден екі лауазымға тағайындалды.

Ернар Баспаевты Мемлекет басшысының көмекшісі әрі Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындау туралы Президент Жарлығы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын», - делінген Президент Жарлығында.