Үндістанға жаз мезгілінен ерте келді

Үндістанға жаз мезгілінен ерте келді
Сурет: 24.kz

Бұл елде бір жылда аптап ыстықтан жүздеген адам көз жұмады

Аймақта аптап ыстық апшыны қуырды. Нью-Дели қаласында күн шыжып, 42 градустан асып кетті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл әдетте сәуір айында тіркелетін ең жоғарғы температурадан 8 градусқа артық. Раджастхан, Гуджарат пен Уттар-Прадеш штаттарында да күн ысып барады. Бұл аздай, аймақта ауыз су тапшы. Ондаған миллион халқы бар өңірде су құбырлары жетіспейді. Әдетте Үндістанда бір жылда аптап ыстықтан жүздеген адам көз жұмады.

«Бұндай температураға шыдау қиынға соғып барады. Қалтасы көтеретіндер кеңселері мен үйлерінде кондиционер орнатып алады. Ал біз, қарапайым жұмысшылар, қайтеміз? Ыстықтан қалай аман қаламыз»? - дейді бағбан Прем Кишор.