Президент бірқатар заңдарға қол қойды

Президент бірқатар заңдарға қол қойды
Сурет: Аinews.kz

Тұтастай алғанда бес құжатқа қол қойылды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жаңа заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы қол қойды:

  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
  • Мемлекет басшысы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.