Президент билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий енгізуді ұсынды

Президент билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий енгізуді ұсынды
Сурет: Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Үкімет мүшелері, депутаттар және әкімдердің жалақылары жеткілікті екенін алға тартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер оған түсіністікпен қарайсыздар деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілердің жалақысын мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз», - деді Мемлекет басшысы бүгін Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде.