Президент басқа өңірге ауысқан мемлекеттік қызметшілерге ротациялық төлем енгізетін Жарлыққа қол қойды

Президент басқа өңірге ауысқан мемлекеттік қызметшілерге ротациялық төлем енгізетін Жарлыққа қол қойды
Сурет: Inform.kz

Президент басқа өңірге ауысқан мемлекеттік қызметшілерге баспана жалдаумен байланысты ротациялық төлемді қолданысқа енгізетін Жарлыққа қол қойды.

Бұл құжат – «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына өзгеріс енгізуді көздейді.

Құжатты Парламент қарауына Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әзірлеп ұсынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Елімізде мемлекеттік қызметшілердің ротациясы енгізілген. Оның мақсаты – өңірлер арасында тәжірибе алмасу, қызметшінің тәжірибесін жан-жақты жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа тоқсқауыл қою. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзге өңірге ротацияланатын қызметшіге уақытша тұрғын үй берілуі тиіс. Алайда қызметтік пәтерлер жетіспегеннен кейін, ротацияланған қызметшілер өз қаражатына пәтер жалдауға мәжбүр. Бұл көптеген қызметшілердің ротациядан бас тартуына алып келеді. Ротациялық төлемді енгізу осы мәселені шешуше бағытталып отыр», - деген болатын агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев.

Бұған дейін республикалық бюджеттік комиссия аталған төлемді енгізу үшін 2023-2025 жылдарға қажет қаражатты бөлу ұсынысын мақұлдаған болатын.