Президент Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді

Президент Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысына Kaspi.kz құрылтайшылары халықаралық деңгейде танымал финтех компаниясының қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективаларының жоспары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені және танымал кәсіпкер әрі меценат Рашид Сәрсеновті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Рашид Сәрсеновпен кездесу барысында отандық кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселелері, соның ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.