Президент Александр Герлицті жеңісімен құттықтады

Президент Александр Герлицті жеңісімен құттықтады
Cурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Герлицті паралимпиададағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!»,-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.