Әлиханның әкесі

Әлиханның әкесі
Сурет: Kz.kursiv.media

Асхан Смайылов Жамбыл облысының құрметті азаматы атанды.

Асхан Смайылов Алматыда бас хирург және №7, №17 ауруханаларда бас дәрігер болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әлихан Смайыловтың әкесі Асхан Смайыловқа Жамбыл облысының құрметті азаматы атағын беру сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында қаралды. Комиссия отырысы 18 қазанда өткен.

Асхан Смайыловтан бөлек, тізімде 7 азамат болған. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Әкесі жайлы:

"Менің әкем Асхан Смайылов өмірін медицинаға арнап, дәрігер болып қызмет етті. Бала күнімізде бұл мамандықтың маңызы мен жауапкершілігін сезініп өстік", - деген еді үкімет басшысы.

Айта кетейік, премьер-министрдің әкесі Асхан Смайылов мамандығы бойынша - дәрігер. Алматыда бас хирург болып және №7, №17 ауруханаларда бас дәрігер болған.