Премьер-Министр жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды

Премьер-Министр жұмыс сапарымен Сочи қаласына  барды
Сурет: видеодан алынды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО және ТМД аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында: қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын; көлік инфрақұрылымын дамыту; теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру; ЕАЭО шеңберінде климаттық және цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша талқылау өтеді. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ынтымақтастықтың бірқатар өзекті бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін қарау жоспарланған.  Іс-шаралар алаңында Әлихан Смайылов екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.