Тұңғыш Президент кеңсесі қайта құрылымдаудан өтіп жатыр

Тұңғыш Президент кеңсесі қайта құрылымдаудан өтіп жатыр Сурет: Tengrinews.kz

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазіргі кезде аталған кеңсені қайта құрылымдау жүріп жатыр. Ондағы қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады, ал тағы бір бөлігі қысқаруға жатады», - деді Е.Жамаубаев Мәжілісте тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.



Бұл тұрғыда министр енді ондай кеңсе болмайтынын айтты.



«Ол кеңсе қайта құрылымдау процесінен өтіп жатыр. Бір жарым айдың ішінде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», - деді ведомство басшысы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0