Елімізде 7 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Елімізде 7 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы екпе алды
Cурет: 24.kz

2021 жылғы 2 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 7 684 022 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 6 635 545 адамды құрап отыр.