Премьер-Министр Қарағанды облысында балалардың улануына кінәлілерді анықтауды тапсырды

Премьер-Министр Қарағанды облысында балалардың улануына кінәлілерді анықтауды тапсырды
Сурет: Primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігіне осыны тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ажар Ғиниятқызы (Денсаулық сақтау министрі), балаларды барлық қажет дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етіп, ауруханадан шыққаннан кейін де олардың жағдайын ерекше бақылауда ұстаңыздар. Әкімдіктер интернаттық, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуі қажет», - деп тапсырды Ә. Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Қарағандыдағы оқиға бойынша кінәлілерді анықтауды тапсырды.

«Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның нақты себептері мен кінәлілерді анықтау бойынша тергеу амалдарын мұқият жүргізуі тиіс», - деді Премьер-Министр.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният  дәрігер мамандар балалар токсикалық заттан қатты улануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлаған болатынбыз.