Премьер-Министр қаңтар құрбандарына дұға бағыштады

Премьер-Министр қаңтар құрбандарына дұға бағыштады
Сурет: t.me/KZgovernment

Үкімет басшысы ол үшін елордадағы Әбу Насыр әл-Фараби мешітіне барды.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алып, дұға бағыштап, құрбан шалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің Telegram-каналына сілтеме жасап.

«ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елордадағы Әбу Насыр әл-Фараби мешітіне барды. Үкімет басшысы қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына дұға бағыштап, құрбан шалды», - делінген хабарламада.