Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

9 қарашада, сәрсенбіде еліміздің кейбір облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің төрт өңірінде қар жауып, тұман түсіп, боран соғатынын болжайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, таулы аймағы мен тау бөктерінде тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Шымкентте тұман түседі деп күтіледі. Түркістанда да түнде тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, боран соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Петропавлда боран соғады. Күндіз оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.