Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатына іріктеледі

Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатына іріктеледі
Сурет: Egemen.kz

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасы жекелей сында әлем чемпионатының Азиялық іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Катарда өтетін іріктеу сайыстарына Қазақстан сапынан Кирилл Герасименко, Айдос Кенжіғұлов, Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Ая Әлімбаева, Ангелина Романовская, сондай-ақ жаттықтырушылардан Эльмира Алиева, Дмитрий Переверзев, Дмитрий Левенко қатысады», - деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Турнир 7-13 қаңтар аралығында өтеді. Спортшыларымыз жеке, жұптық және аралас жарыстарда жолдаманы сарапқа салады.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 20-28 мамыр аралығында Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында өтеді.